2012 жылы еңбек заңнамасын бұзудың 54,5 мыңнан астам фактісі анықталды

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 17 246 тексеру жүргізіп, 54,5 мыңнан астам еңбек заңнамасының бұзушылығын анықтады.

2012 жылы еңбек заңнамасын бұзудың 54,5 мыңнан астам фактісі анықталды

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтерінде хабарланды.

Анықталған бұзушылықтардың нәтижесі бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары жалпы сомасы 486,2 млн. теңгеге 12,7 мың айыппұл салды.

Бұдан бөлек, республика бойынша мерзімі өткен берешектер (3 айдан асқан) көлемі 2012 жылдың басындағы 1,4 млрд. теңгеден 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,1 млрд. теңгеге дейін азайды.