2012 жылы ғаламшар тұрғындарының саны 7 миллиардқа жетеді

НЬЮ-ЙОРК. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - Біріккен Ұлттар Ұйымының әлемдік демографиялық үрдістер туралы жаңа баяндамасына сәйкес, 2009 жылдың шілде айында ғаламшар тұрғындарының саны 6,8 миллиард адамға жетеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. 2012 жылы Жер бетіндегі адам саны 7 миллиардқа дейін өссе, 2025 жылы ? 8 миллиардқа, 2045 жылы 9 миллиардқа жететін болады. 2009-2050 жылдар аралағындағы кезеңде дамушы елдердегі халық санының көбею көрсеткішінің 70 пайызы (825 миллион адам) Бразилия, Үндістан, Индонезия, Нигерия, Пәкістан сияқты елдердің үлесіне тиеді. Ал дамыған елдердің 45-інде халық саны қысқарады. Сарапшылар сондай-ақ Жапонияда халық саны ? 25 миллионға, Ресейде - 33 миллионға, Украинада ? 15 миллионға, Германияда ? 8,4 миллионға, Польшада 7,7 миллионға азаятынын айтады. Өмір жасының ұзақтығының арту үрдісімен қатар, мамандар халықтың қартаю проблемасына да назар аударып отыр. 2050 жылға қарай жасы 60-тан асқандардың саны 2 миллиард адамды немесе жалпы халық санының 22 пайызын құрайтын болады. Бұл 15 жасқа дейінгі балаларға қатысты болжаулы көрсеткіштен асады.
Соңғы жаңалықтар