2012 жылы инфляция 6 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы инфляция 6 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланған.

2012 жылы инфляция 6 пайызды құрады - ҚР Статистика агенттігі

Атап айтқанда, өткен жылы ауыл шаруашылығында бағалар 22,4 пайызға, көтерме саудада 8,1 пайызға, құрылыста 4,6 пайызға, өнеркәсіпте 2,1 пайызға өсті. Бұдан бөлек, жүк тасымалына тариф 15,9 пайызға, сондай-ақ заңды тұлғалар үшін пошта және курьерлік қызмет 6 пайызға жоғары болды. Ал байланыс қызметіне 8,5 пайызға бұл көрсеткіш төмендеді.