2012 жылы Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 мыңға жуық қылмысты анықтады - А.Лукин

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Өткен жылы қаржы полициясы органдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты 2 мыңға жуық қылмысты анықтады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин мәлім етті.

Оның хабарлауынша, 2012 жылда барлығы 1828 қылмыс анықталды. Оның ішінде пара алу (500), бюджет қаражатын талан-таражға салу (380), алаяқтық (160) және тағы басқа қылмыс түрлері бар. «Бүгінгі күнге дейін біз 1200 қылмыстық істі сотқа жолдадық. Осы жұмыс бойынша тиісті лауазымды тұлғалар жауапқа тартылды», - деп атап көрсетті А.Лукин.

Соңғы жаңалықтар