2012 жылы Қазақстан «Doing Business 2013» рейтингінде өз ұстанымдарын 7 тармаққа жақсартты

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Биылғы жылы Дүниежүзілік банк «Doing Business» (бизнесті жүргізудің жеңілдігін айқындайтын рейтинг) рейтингісінің 10 индикаторы бойынша 185 елдің бизнес ахуалының жағдайын бағалады.
None
None

Жыл сайын өзгеріп отыратын есептеу әдістемесі бойынша Қазақстан 2012 жылы «Doing Business» рейтингісінде өз ұстанымын 7 тармаққа жақсартып (2011 жылы 2013 жылғы бағалау әдісі бойынша Қазақстан 56 орында болатын), 49 орынға көтерілді. Бұл туралы ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі хабарлады.

Дүниежүзілік банктің есебіне сәйкес (http://russian.doingbusiness.org ) Қазақстан биыл тағы да Қытай (91 орын), Түркия (71 орын), Польша (55 орын), Ресей (112 орын), Беларусь (58 орын), Қырғызстан (70 орын) сияқты елдерді артқа қалдырды.

Бұдан басқа, биылғы жылы Қазақстан соңғы жылдары бизнесті жүргізуді елеулі  түрде жақсартқан елдердің тізіміне енді.

 «Кәсіпорындарды тіркеу» сияқты индикатор бойынша Қазақстан 30  ұстанымға (55-тен 25-ке) көтерілген, бұған кәсіпорын құру рәсімдерін жеңілдету және тіркелгеннен кейінгі үш ай ішінде ең аз капитал төлеу туралы талаптың жойылуы себепші болып отыр.

«Төлем қабілетсіздігіне рұқсат» индикаторы бойынша (55 орын) оңалту ісін жеделдетіп қарауды енгізу, оңалту мерзімін ұзарту, төрелік басқарушылардың өкілеттіктерін кеңейту және оларға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру бойынша реформалар жүргізілді. Сондай-ақ, банкротқа ұшырау, кредиторлар құқықтарын кеңейту, операцияларды жалғастырумен байланысты ережелерді өзгерту, оңалту жоспарын қабылдау үшін мерзімді енгізу және сот қадағалауының талаптарын қосу жөнінде деректерді  ұсыну талаптары өзгертілді.

«Кредит алу» индикаторы бойынша Қазақстан позициясының едәуір ұлғайғаны байқалуда (97-ден 83-ке). Автоматты түрде оңалту рәсімдерінде болудан босату үшін жаңа негіздемелер енгізу есебінен қамтамасыз етілген кредиторлардың құқықтары нығайтылды.

Ағымдағы жылы реформаларды жүргізу жалғасты және 2012 жылғы Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар