2012 жылы Қазақстан экономикасында 8,3 млн. адам жұмыс істеді

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - 2012 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында еңбекке жарамды жастағы 8,3 млн. адам жұмыспен қамтылды.

2012 жылы Қазақстан экономикасында 8,3 млн. адам жұмыс істеді

Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 228,1 мың адамға (2,8%-ға) артты. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі, яғни 4,3 млн.-ны - ерлер, 4,0 млн.-ны - әйелдер. Бұл туралы Статистика агенттігінен мәлім етті.

2012 жылы еңбекке жарамды жастағы жалдамалы қызметкерлердің саны 5,7 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылған осы жастағы халықтың жалпы санынан 69,0% құрады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 231,2 мың адамға (4,2%-ға) көп. Еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2,6 млн.адамды немесе 31,0% құрады.

Еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз халықтын саны 474,8 мың адамды құрады, олардың 39,7% - ерлер, 60,3% - әйелдер. 2012 жылы осы жастағы тұлғалардың арасында жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады.

Еңбекке жарамды жастағы (16-24 года) жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,0% (2011жылы- 4,6%), 16-28 жастағылардікі - 5,4% (2011жылы- 6,1%) болды.