2012 жылы Қазақстан экономикасында 8,3 млн. адам жұмыс істеді

Өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 228,1 мың адамға (2,8%-ға) артты. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі, яғни 4,3 млн.-ны - ерлер, 4,0 млн.-ны - әйелдер. Бұл туралы Статистика агенттігінен мәлім етті.
2012 жылы еңбекке жарамды жастағы жалдамалы қызметкерлердің саны 5,7 млн. адамды немесе экономикада жұмыспен қамтылған осы жастағы халықтың жалпы санынан 69,0% құрады. Бұл 2011 жылмен салыстырғанда 231,2 мың адамға (4,2%-ға) көп. Еңбекке жарамды жастағы жұмыспен қамтылғандардың арасында өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың саны 2,6 млн.адамды немесе 31,0% құрады.
Еңбекке жарамды жастағы жұмыссыз халықтын саны 474,8 мың адамды құрады, олардың 39,7% - ерлер, 60,3% - әйелдер. 2012 жылы осы жастағы тұлғалардың арасында жұмыссыздық деңгейі 5,4% құрады.
Еңбекке жарамды жастағы (16-24 года) жастар жұмыссыздығының деңгейі 4,0% (2011жылы- 4,6%), 16-28 жастағылардікі - 5,4% (2011жылы- 6,1%) болды.