2012 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыз деңгейінде болжанады - Экономика министрі

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат  - 2012 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыз деңгейінде болжанып отыр. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «2012-2014 жылдарға арналған республикалық

2012 жылы Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыз деңгейінде болжанады - Экономика министрі

бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, аталған көрсеткіш 2011 жылғы тамыз айында бекітілген болжамнан 0,9 пайызға төмен. Есте болса былтырғы жылы бюджетті нақтылау барысында ел экономикасының 2012 жылғы өсімі 6,9 пайызға бекітілген болатын.

«Өткен жылдың есепті базасының және жалпы ішкі өнім дефляторының 8,1 пайызға ауытқуы себептерінен жалпы ішкі өнімнің номиналды мәні бұдан бұрын болжанған деңгейден біршама жоғары болатыны болжанады. Жалпы ішкі өнімнің нақты өсімінің өзгеруі бірқатар факторлармен түсіндіріледі. Оның ішінде мұнай өндірісінің болжанған төмендеуі бұған әсер етеді. Одан бөлек, ауыл шаруашылығының өнімі де біршама төмендеуі күтіледі. Бұл негізінен былтырғы жылғы базаның тым жоғары болуына байланысты. Үшіншіден, бұрын болжанған деңгеймен салыстырғанда өңдеу өнеркәсібіндегі жеке салалар бойынша өсу параметрлерінің төмендеуі де болжанады. Бұл Таяу Шығыс мемлекеттерінің жағдайымен байланысты», - дейді министр.