2012 жылы Қазақстан КО елдерімен өзара саудада көлік құралдарын жеткізуді 73 пайызға ұлғайтты - ЕЭК министрі А. Слепнев

МӘСКЕУ. 21 наурыз. ҚазАқпарат - Кедендік одақ елдеріне қазақстандық экспортта шикізат емес тауарлар үлесінің анағұрлым ұлғайғандығы байқалады.

2012 жылы Қазақстан КО елдерімен  өзара саудада көлік құралдарын жеткізуді 73 пайызға ұлғайтты - ЕЭК министрі А. Слепнев

Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда бойынша министрі Андрей Слепнев ЕЭК және Қазақстан, Ресей, Беларусь бизнес-қауымдастықтарының отырысында мәлімдеді.

А. Слепнев республиканың Кедендік одақ елдеріне экспорттау көлемдерінің азаюы бойынша қазақстан тарапының алаңдаушылығына байланысты ЕЭК «үштік» елдерінің арасындағы өзара сауда құрылымына сараптама жүргізді.

«Қазақстанның КО елдеріне экспортына қатысты өткен жыл бойынша төмендеу байқалады: минус 3,7 пайызға (2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда). Біз осы фактілерді арнайы талқыладық. Көмір шикізатын және мұнай тауарларын КО елдеріне жеткізу 25 пайызға дерлік төмендеген. Бұл тауарлар сыртқы рынокте өз сұранымдарын тапқандығының куәсі» - деді А. Слепнев.

«Дегенмен, көліктік құралдарды КО-ның басқа елдеріне жеткізулер 73 пайызға ұлғайды. Нәтижесінде, машина жасау өнімінің үлесі Қазақстан экспортының бұл құрылымында екі есеге дерлік өсіп, 10 пайыздан асты. Сауданың жергілікті құрылымында елеулі құрылымға трактор, жүк машиналары, теледидарлар, есептеу машиналары сияқты тауарлар ие болды, - деді ЕЭК министрі. - Яғни, біз өзара сауда құрылымы тұрғысынан қарағанда жақсы алға жылжуларды көріп отырмыз».