2012 жылы Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың пилоттық қаржыландырылуы басталады

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2012 жылы ауылдардың инфрақұрылымы мен абаттандырылуы үшін жергілікті өзін-өзі басқарудың пилоттық қаржыландырылуы басталады.
None
None

Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП парламенттік фракциясының кеңейтілген жиналысында ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов хабарлады. 

Премьер-министрдің атап өтуінше, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында қойған маңызды міндеттердің бірі болып табылады және бұл міндет аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында шешілетін болады. 

«Бұл мақсаттарға ағымдағы пилоттық жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге көлемінде мақсаттық трансферттер қарастырылған», - деді К.Мәсімов.

Соңғы жаңалықтар