2012 жылы құрылыстағы баға 4,6 пайызға өсті
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылы құрылыстағы баға 4,6 пайызға өсті, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, металл конструкциялары және конструкция бөлшектерінің бағасы бір жыл ішінде 3,6, тауарлы бетон - 5,5, сырлар мен эмальдардың - 2,8, ғаныштың - 2,7, ғаныш картонның - 2,4, табақты шыны - 2, линолеум - 0,8, сымдар мен кабельдер - 0,5 пайызға өсті.
Жайма болаттың бағасы 3,9, қыштан, бетоннан және цементтен жасалған құбырлардың бағасы 1,9, пластмассадан жасалған есіктер мен қораптардың - 1,8, қаптама қыш кірпіштердің - 1,6 пайызға төмендеді.