2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиаданың кестесі мен билет бағасы Ұлыбритания астанасында жарияланды
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 2012 жылы Лондонда өтетін Олимпиаданың кестесі мен билет бағасы Біріккен Корольдік астанасында жарияланды.
Спорт сүйер қауымның барлығы да 8,8 млн. билеттің біреуін 20-дан 2 мың фунт стерлингке дейін спорттың 26 түрінен өтетін байрақты бәсекені тамашалау үшін сатып ала алады.
"Мұнда әлемнің әр түпкірінен келесі жылы 27 шілдеден 12 тамызға дейін сан алуан спортшылар мен олардың жанкүйерлері бас қоспақ. Билеттер сатуға 15 наурыздан - Ойынның салтанатты ашылуынан 500 күн бұрын шығарыла бастайды", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
Әрбір билет қала бойынша таңдалған іс-шараға тегін түрде еркін қозғалысқа түсе алады. Сонымен қатар ұйымдастырушылар арнайы бағдарлама дайындаған. Ол бойынша спорттың бір түрін ұнатпайтындар оны көріп босқа уақыт өткізбейді. Жастар үшін, егде адамдар мен жас отбасылар үшінде жекелеген ұсыныстар қарастырылған. Мәселен, анасы, әкесі және екі баласы хоккей, су полосын немесе баскетбол көргісі келсе, 1-2 тамызға 180 фунт стерлингке билет сатып ала алады.