2012 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 65,4 пайызы қамтылды - Б.Жұмағұлов

АСТАНА.  18 маусым. ҚазАқпарат -  2012 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 587,8 мың бала қамтылып отыр, бұл мектеп жасына дейінгі барлық балалардың 65,4 пайызы.

2012 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 65,4 пайызы қамтылды - Б.Жұмағұлов

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

Министрдің айтуынша, «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының 3,5 мың бірлікке өсіп, 3528-ді құрады.

«Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 2009 жылы 36,2 пайызды құраса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 65,4 пайызға немесе 587,8 мың балаға жетіп отыр. Жан басына қаржыландыруды енгізу жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар санының артуына ықпал етті. Олар 289 бірлікке өсіп, 499-ды құрады», - деді Б. Жұмағұлов.

Оның айтуынша, 2015 жылы мектепке дейінгі тәрбиемен балалардың 74 пайызы, ал 2020 жылы 100 пайызы қамтылатын болады.