2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5455 млрд. теңгені құрады - Статистика агенттігі

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 102,1% құрды. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.

2012 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5455 млрд. теңгені құрады - Статистика агенттігі

Оның айтуынша, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 67-68%-ын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Агенттік төрағасы берген мәліметтерге қарағанда, 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5455 млрд. теңгені құраған, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,8% артық болып отыр.