2012 жылы шетелдік туристер саны 1 млрд. адамнан асады
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - Әлемде саяхаттаушылар саны арта түсті. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында 467 млн. адам әртүрлі курорттарда демалды, деп хабарлады «Мир путешествий» сайты.
Бүл орайда статистика шет елдерге шыққан туристерге қатысты мәліметтерді келтіріп отыр.
Бұл мәліметтерді Бүкіләлемдік туристік ұйым мәлім етті. Өткен жылдың осы кезеңінде 22 млн. турист саяхатқа кем шыққан екен, яғни елеулі өсім бар деген сөз. Бұл дерек жыл аяғына дейін халықаралық туристер саны 1 миллиард адамнан асады деп болжам жасауға мүмкіндік береді (өткен жылы туризм ағыны бүл межеге 10 миллион адамды жеткізе алмаған болатын).
Әсіресе, африкандық, американдық және еуропалық аумақтарға туризм ағыны өсе түскен. Дегенмен, туризм жөнінен әсіресе Азияның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысы көш бастап тұр. Мұнда туристік ағын 9 пайызға артқан. Азиялық туристік бағыттарға сұраныстың артуы биыл Жапонияның 2011 жылғы жер сілкінісінен және цунамиден кейін қайтадан туристік нарықты жандандыруға кірісуімен түсіндіріледі.