2012 жылы табиғи апаттар салдарынан әлемде 9,5 мың адам қаза болды

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Табиғи апаттар өткен жылы 9,5 мың адамның өмірін қиып кетті және 160 млрд. доллар көлемінде залал келтірді, деп хабарлады РБК.

2012 жылы табиғи апаттар салдарынан әлемде  9,5  мың адам қаза болды

Мұндай мәліметтер немістің Munich Re сақтандыру компаниясының зерттеуінде келтірілген.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес залалдың жалпы көлемінің үштен екі бөлігі АҚШ үлесіне тиеді. «Сэнди» дауылы мыңдаған адамдарды үй-күйсіз қалдырып, 50 млрд. доллар шығын әкелді.

Дегенмен, құрбандар саны бойынша биылғы жылғы ең күшті табиғат апаты Филиппинде болды, онда «Бофа» тайфуны мыңнан астам адамдардың өмірін алып кетті.

Munich Re мәліметтері бойынша, өткен жылғы залал 2011 жылға қарағанда едәуір аз болды, бұрнағы жылы ол 400 млрд. долларды құраған болатын. Сондай-ақ құрбандар саны да едәуір азайды. 2011 жылы 27 мың адам қазаға ұшыраған еді. Сол жылы Жапония мен Жаңа Зеландияда болған зілзалалардағы құрбандар саны мен қиратулар ауқымы жөнінен аса көп болған еді.