«2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды

АСТАНА. 13 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Аталған, заң жобасына орай, Үкімет негізінен макроэкономикалық көрсеткіштердің, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің өзгеруіне байланысты ағымдағы жылғы бюджетке өзгерістер енгізуді қарастырады. Сонымен қатар, бюджетке келіп түскен қосымша табыстарды, сондай-ақ осы уақытқа дейін бюджеттің игерілмеген қаражаттарын қайта бөліп пайдалану көзделеді. Бұл ретте игерілмеген бюджет қаражаты негізінен ірі инвестициялық жобаларға қарай бағытталатын болады. Бұдан бөлек, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы жүктеген тапсырмаға сәйкес, мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендетіледі.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевтың айтуынша, 2013 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауға макроэкономикалық көрсеткіштердегі өзгерістер мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау негіз болған. Министрдің сөзіне қарағанда, 2013 жылы экспорт көлемі 87 млрд. 536,7 млн. доллар шегінде болмақ. Ал импорттың көлемі 2 661,4 млн. долларға ұлғайып, 53 834,0 млн. АҚШ долларын құрайтын болады.

«2013 жылға арналған республикалық бюджет түсімдері 5 трлн. 242,5 млрд. теңге көлемінде немесе бұған дейін бекітілген бюджетпен салыстырғанда 14,4 млрд. теңгеге ұлғаятыны анықталды. Кірістердің болжамы (трансферттердің түсімін есепке алмағанда) 3 трлн. 608,3 млрд. теңге көлемінде бағаланады немесе бекітілген көлемнен 20 млрд. теңгеге жоғары. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 6,9 млрд, теңге және салықтық емес түсімдер бойынша - 13,1 млрд. теңгеге ұлғаяды», - дейді министр Е. Досаев.

Бюджет шығыстары нақтыланған бюджетпен салыстырғанда 65 млрд. 626 млн теңгеге артып, нақты сома 6 трлн. 33 млрд. 373 млн теңге шамасында бекітіледі.

Соңғы жаңалықтар