2013 жылдан бастап үйлерді жөндеу ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша бір механизммен жүргізілетін болады

АСТАНА. 29 шілде. ҚазАқпарат - Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы бойынша, 2013 жылдан бастап көппәтерлі үйлерді жөндеу бірінші  механизм бойынша жүргізілетін болады,
None
None

деп хабарлады «ТКШ Қазорталық» АҚ басқармасының төрағасы Төлеутай Рахымбеков Pm.kz сайтына берген сұхбатында.

«Үстіміздегі жылдың сәуір айында бағдарламаға өзгерістер енгізілген болатын. Келесі жылдан бастап жөндеу жұмыстары бірінші механизм бойынша, инженерлік желілерді, автоматтандырылған жылу пункттері мен жылуды есептеу құралдарын орнату арқылы жүргізіледі», деді Р.Рахымбеков.

Бағдарламаны жүзеге асыру барысында бұл элементтер міндетті түрде орындалуы шарт. Ал жөндеу жұмыстары қажеттілікке қарай  - төбені, шатырды немесе тағы басқаларды жөндеу  ретінде жасалады.

Т.Рахымбековтың айтуынша, жұртшылық көппәтерлі үйлерді ТКШ бағдарламасы бойынша жөндетуге қызығушылық танытуда.

ҚР ТКШ агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, І жартыжылдықта бірінші механизм бойынша 80 үй жөнделген. Жыл соңына дейін 306 көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жоспарлануда.

Екінші механизм бойынша 2012 жылы әкімдіктер мамандандырылған ұйымдарға 550 үйдің жөндеуіне  несие беру үшін 8 млрд теңге бөлген.Үй жөндеу жұмыстары Ақтөбе (7 үй), Батыс Қазақстан (25 үй), Павлодар (26 үй), Солтүстік Қазақстан (7 үй) облыстарында басталды. Коммуналдық секторда 994 шақырым желі мен 7 қазандықты жаңғыртудың құны 16,2 млрд теңге болатын 70 жобасы жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар