2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға артады

АСТАНА. 12 желтосқан. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшері 9 пайызға арттырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қооғау министрлігінің алқа мәжілісінде белгілі болды.

Қазіргі таңда зейнетақы қызметі нарығында 11 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істеуде. Салымшылардың дербес зейнетақы шоттарының саны 8,4 млн. бірлікті құрайды (оның ішінде ерікті және ерікті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша шоттардың саны 42,1 мыңды құрайды). Зейнетақы жинақтарының көлемі 1998 жылғы 23,5 млрд. теңгеден 2012 жылғы  1 қарашаға 3 079 млрд. теңгеге өсіп, еліміздің жалпы ішкі өнімінің шамамен 10 пайызына жетті. 

Ынтымақты зейнетақыны қазіргі кезде 1,770 мың адам алады. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері барлық зейнеткерлерге 9 пайызға арттырылды. Базалық зейнетақы төлемін қосқанда (8720 теңге) 2012 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 38660 теңгені құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің сатып алу қабілетін сақтап қалу үшін 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін 9 пайызға арттыруды көздейтін ҚР Үкіметінің «2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттыру туралы» қаулысының жобасы әзірленді. Қазіргі кезде бұл жоба ҚР Үкіметінің қарауына енгізуге даярлануда.

Соңғы жаңалықтар