2013 жылдың 1 тоқсанынан кешіктірілмей даму институттары жаңадан құрылған Ұлттық даму агенттігіне берілуі тиіс - С.Ахметов
АСТАНА. 7 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов қорға ағымдағы жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей даму институттарын жаңадан құрылған Ұлттық даму агенттігіне беруді тапсырды.
«Осы тоқсанда коммерциялық бағдарланған активтер болып саналмайтын даму институттарын қайтадан құрылған Ұлттық даму агенттігіне беруді қамтамасыз ету қажет», - деді ол.
Сонымен қатар Үкімет басшысы келесі аптада өтетін жиын барысында аталған агенттікті құру мәселесі жан-жақты талқыланатындығын баса айтты.