2013 жылдың 1 жартыжылдығында Заң шығару институты 70-тен астам заң жобасы бойынша консультациялық қызметтер көрсетті - Б.Имашев

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 жартыжылдығында Заң шығару институты 70-тен астам заң жобасы бойынша консультациялық қызметтер көрсетті.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Заң шығару институтының 20 жылдығына арналған «Жаңа саяси бағыт аясында Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген еліміздің Әділет министрі Берік Имашев осылай деді.

Министрдің атап өтуінше, институт «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы» 1993 жылғы 16 маусымдағы ҚР Президентiнiң Жарлығымен құрылған. Оның негізгі мақсаты мемлекеттің құқық шығармашылық функциясын іске асыруға жәрдемдесу болды. 1998 жылдың сәуірінде заң шығару ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң шығару институты болып қайта құрылды. Үкіметтің 2010 жылғы 22 қаңтардағы № 22 қаулысымен институтқа мемлекеттік мекеме мәртебесі берілген. «Осылайша, Заң шығару институты өзінің жиырма жылдық қызметінде заңнамалық актілер жобасының 350-ден астамын әзірлеуге тікелей қатысты, институт қызметкерлері заң жобаларының 400-ден аса ғылыми құқықтық сараптамасын, қабылданатын заңдардың тиімділігін болжауды, сондай-ақ халықаралық шарттар мен заңдар жобаларының лингвистикалық сараптамаларын жүргізді. Институт қызметкерлері мемлекеттік органдар заң жобаларының тұжырымдамалары мен заң жобаларын әзірлеген кезде жұмыс топтарының отырыстарына қатысып отырады.

«2012 жылы институт 84 заң жобасы, 102 заң жобасының тұжырымдамасы, 8 заңнаманы жетілдіру тұжырымдамасы бойынша консультациялық қызметтер көрсетті. Тек 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының өзінде 70-тен астам заң жобасы бойынша, 30 заң жобасының тұжырымдамасы бойынша консультациялық қызметтер көрсетті, халықаралық шарттар мен заңдардың 70 жобасына лингвистикалық сараптама жүргізді», - деді Б.Имашев.

Оның айтуынша, институттың ғылыми қызметі жүйелі, кешенді негізде жүзеге асырылып келеді. Жыл сайын ел Президентінің Жолдауынан, мемлекеттің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарынан туындайтын тақырыптар бойынша іргелі ғылыми қолданбалы зерттеулер жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар