2013 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық тексеруден 2,5 млн. бала өтті - ДСМ
АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық тексеруден 2,5 млн. бала өтті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
«Жыл сайын 18 жасқа дейінгі балалардың профилактикалық медициналық тексерулері өткізіледі. Одан кейін олар бақылауға алынып, сауықтырылады. 2013 жылдың І жартыжылдығында профилактикалық тексеруден 2,5 млн. бала өтті, олардың 41,5 пайызы «Д» есепке алынды», - деді ол.
Министрдің атап өтуінше, жүкті әйелдер құрсағының дамуында туа біткен ақауларды, тұқым қуалайтын ауруларды анықтау үшін босанғанда дейін скринингтік тексерулерден өтеді.