2013 жылдың он айында Кеден одағы елдерінің өзара тауар айналымы 52,9 млрд. долларды құрады

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында Кеден одағы елдерінің өзара тауар айналымы 52,9 млрд. долларды құрады. Бұл 2012 жылдың осы кезеңдегі көрсеткішіне қарағанда шамамен 6 пайызға төмен. Бүгін Астанада Еуразиялық экономикалық одақ туралы келісім жобасын талқылауға арналған бейне-конференция барысында ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

2013 жылдың он айында Кеден одағы елдерінің өзара тауар айналымы 52,9 млрд. долларды құрады

«Өкінішке қарай, Кеден одағы аясындағы қазақстандық экспорт, импорт динамикасына қарағанда қалыс тауып келе жатыр», - дейді Т. Жақсылықов. Бұдан бөлек, вице-министр экономикалық интеграция мәселелеріндегі жаңалықтарға тоқтала келе, 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан, Ресей мен Беларусь арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістігінің құқықтық базасын қалыптастыру шеңберінде жасалған Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алу туралы келісімге орай, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ұлттық режим енгізіледі. Жалпы ұлттық режим 2014 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі. Оның айтуынша, ұлттық режимде мемлекеттік сатып алуларға отандық өндірушілермен қатар шетелдік өндірушілердің қатысуы қарастырылады. «Ресей мен Беларусь мұндай режимді бір-біріне 2012 жылы ұсынған болатын. Біз екі жыл өтпелі кезеңді алдық. Жалпы, біздің жеткізушілеріміз ендігіде Ресей мен Беларусь елдерінің мемлекеттік және муниципалдық сатып алуларына қатыса алатын болады», - дейді вице-министр.