2013 жылдың шілдесінде елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 267 теңгені құрады

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың шілде айында еліміздегі күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері 18 267 теңгені құрады.

2013 жылдың шілдесінде елімізде күнкөрістің ең төменгі деңгейі 18 267 теңгені құрады

Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері есепті кезеңдегі негізгі азық-түлікті тұтынудың ең төменгі нормаларына қарай есептелген. Шілде айындағы мұның мөлшері оның алдындағы аймен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендесе, ал былтырғы 2012 жылдың шілдесіне қарағанда 7,6 пайызға артқан. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстар үлесі 22,1 пайызды, сүт пен май өнімдеріне, жұмыртқаға 14,8 пайызды, жеміс-жидек пен көкөністерге 13,8 пайызды құраған. Ондағы нан өнімдерінің және жарма өнімдерінің үлесі - 7,3%, қант пен шай және демдеуіштер 2% құрап отыр.