2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталды - Еңбек министрі

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығымен 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері анықталды.
None
None

ҚазАқпарат осы құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы № 274

2013 жылғы 26 маусым Астана қаласы

2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау үшін Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету өлшемдерін белгілеу мақсатында бұйырамын:

1. Қазақстан Республикасы бойынша 2013 жылғы 3 тоқсанға арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде анықталсын.

2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2013 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2013 жылғы 28 наурыздағы № 125-Ө-М бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 8394 тіркелген және 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Казахстанская правда» № 121-122, 2013 жылғы 6 сәуірдегі «Егемен Қазақстан» № 101 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.

3. Әлеуметтік көмек департаменті (Н.А.Крюкова) осы бұйрықтың:

1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын;

2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Т. Б. Дүйсеноваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күшiне енедi және 2013 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Министрдің міндетін атқарушы Т.ДҮЙСЕНОВА.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 27 маусымда Нормативтік құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8529 болып енгізілді.

Соңғы жаңалықтар