2013 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанға келген адамдар саны 19 мыңнан асты

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанға келіп, тіркелгендер 2012 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 19,3 пайызға азайып, 19 865 адамды құрады. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде хабарланды.

2013 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстанға келген адамдар саны 19 мыңнан асты

Сонымен қатар Қазақстаннан кеткендер саны да 18,7% азайып, 20 571 адамды құрады.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі, тиісінше, 84% және 93,4% құрады.Былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда қарастырылып отырған кезеңде ел ішінде көшіп-қонушылар саны 11 106 адамға (3,8%) азайып, 280 005 адамды құрады. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырмасы еліміздің 5 өңірінде байқалды: Астана (13 642 адам), Алматы қалаларында (11 913 адам), сондай-ақ Алматы (1 353 адам), Маңғыстау (948 адам) және Павлодар (126 адам) облыстарында.