2013 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді саудалау келісімдерінің саны 68 мыңнан асты

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу және сатуда тіркелген келісімшарттардың саны 15 316-ны құрады.

2013 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді саудалау келісімдерінің саны 68 мыңнан асты

Бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 6,5 пайызға азайды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

Жалпы, 2013 жылғы қаңтар - мамырда тұрғын үйді сатып алу және сату келісімдерінің саны - 68 251.

Белгілі болғандай, 2013 жылғы қаңтар-мамырда тұрғын үйді сатып алу, сондай-ақ сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 8,5 пайызға өсті.