2013 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 12,5 пайызға артты

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 12,5 пайызға жоғарылап, 3 080 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттіген хабарланды.

2013 жылғы қаңтар-тамызда бөлшек сауда көлемі 12,5 пайызға артты
2013 жылғы қаңтар-тамызда сауда кәсіпорындары арқылы тауарларды өткізу көлемі 1 656,6 млрд. теңгені құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 17,3 пайызға артық.
Аталған мерзімде базарлармен және жеке кәсіпкерлермен сауда көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,2 пайызға жоғарылады.
Бөлшек сауда құрылымында азық-түлік емес тауарлар басым (бөлшек сауданың жалпы көлеміне 64,6 пайыз). Азық-түлік емес тауарлардың бөлшек саудада өткізілуі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,8 пайызға, азық-түлік тауарлар - 8 пайызға ұлғайды.