2013 жылғы қаңтар-тамызда ТМД елдеріндегі кейбір көрсеткіштердің өсу қарқынының төмендеуі сақталды

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - ТМД елдері бойынша бөлшек сауда айналымы 5,5% артты. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
None
None
«ТМД Статкомитетінің деректері бойынша Достастық елдерінде 2013 жылғы қаңтар-тамызда 2012 жылғы қаңтар-тамызден салыстырғанда кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша өсу қарқынының төмендеуі сақталды: негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 0,9% артты (2012 жылғы қаңтар-тамызда - 10,9%), жүк тасымалдау көлемі (құбыр көлігінсіз) - 1,8% (8,4%), бөлшек сауда айналымы - 5,5% (8,3%) жоғарылады», - делінген агенттік мәліметінде.

Сонымен қатар өнеркәсіп өндірісінің көлемі 0,2% қысқарды (2012 жылғы қаңтар-тамызда 2,5% артқан).
Соңғы жаңалықтар