2013 жылғы қаңтарда тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды
АСТАНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтарда оның алдындағы аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді жалға беру бағасы 2,2 пайызға артты.
Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.
Көркейтілген тұрғын үйлерді алып-сату - 1,2 пайызға, көркейтілмегені - 1 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,9 пайызға өсті.