15:53, 12 Қараша 2012 | GMT +5
2013 жылғы қаңтарға дейiн iскерлiк белсендiлiк өседі деп күтілуде
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2012 жылдың қазанында өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өнеркәсіп көлемінің көбеюін атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды. Бұл жайында бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарлап отыр.
Іскерлік белсенділіктің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 3 пайыздық тармаққа өсіп, (+13)% құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша жақын арада 2013 жылғы қаңтарға дейiн iскерлiк белсендiлiктің өсуі күтіледі.
2012 жылғы қазанда өткен аймен салыстырғанда экономикалық-қаржы жағдайы және тауар қорларының өзгермегені, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша, олардың іскерлік белсенділігіне әсер етті. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгермеді және, (+5)% құрады.
2013 жылғы қаңтарға дейін ағымдағы уақытпен салыстырғанда, 66% кәсіпорын өзінің қаржылық - шаруашылық қызметінің өзгеріссіз қалуын, 20% - жақсаруын және 11% -нашарлайтындығын болжап отыр.