2013 жылғы қазанда халықтың ақшалай табыстары 55 135 теңгені құрады

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қазанда халықтың орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары алдын ала берілген деректер бойынша 55135 теңгені құрап, 2012 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,1%-ға артты. Нақты ақшалай табыстар 0,2%-ға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің мәліметтерінде хабарланды.

2013 жылғы қазанда халықтың ақшалай табыстары 55 135 теңгені құрады

2013 жылғы қазанда жан басына шаққандағы орташа ақшалай табыстардың көлемі бойынша Атырау облысы, Алматы және Астана қалалары алдыңғы қатарда, мұнда осы көрсеткіш орташа республикалық деңгейден 2,2-1,7 есеге артық.
2013 жылғы қазанда табыстары ең төмен өңірлер қатарында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстары белгіленді, осы өңірлерде халықтың табыс мөлшері республикалық деңгейден 62,7%-дан 79,9%-ға дейін құрады.

Сонымен бірге, халықтың нақты ақшалай табыстарының ең көп өсу қарқыны Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облысында белгіленді.

2013 жылғы қазанда өңірлер бойынша атаулы ақшалай табыстардың ең жоғары және ең төмен мөлшерлері арасындағы арақатынас 3,4 есені құрады (2012 жылғы қазанда - 3,5 есе).