2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 3,7 пайызға өсті

АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 3,7%-ға өсті. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.

2013 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы 3,7 пайызға өсті

2013 жылғы қыркүйекте 2012 жылғы тиісті аймен салыстырғанда макарон өнімдеріне баға 9,8%, ұнға - 6,3%, кофе, шай және какаоға - 4,8%, сүт өнімдеріне - 4,5%, балық және теңіз өнімдеріне - 4,1%, алкогольді ішімдіктерге - 3,8%, тоқаш және ұн өнімдеріне - 3,6%, май және тоң майға - 3,4%, кондитерлік өнімдерге - 3,3%, жемістер мен көкөністерге - 2,5%, нанға 1,1%-ға өсті. Бағаның төмендеуі жармаларға 4,9%, қантқа 4% деңгейінде байқалды.

Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3,2% құрады. Жылқы етіне, шұжық өнімдеріне баға деңгейі 4,5%-дан, қой етіне - 3,5%-ға, сиыр етіне - 2,9%, шошқа етіне - 2,8%, құс етіне 0,9%-ға жоғары болды.