2013 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 797 теңгені құрады - ҚР Статистика агенттігі
АСТАНА. 1 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қыркүйекте күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 18 797 теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2013 жылғы қыркүйекте өткен аймен салыстырғанда 2,9%-ға төмендеді, ал 2012 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,2%-ға өсті. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,5%, жемістер мен көкөністерді - 14,9%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны алуға 14,6%, сондай-ақ нан мен жарма өнімдерін - 7,1%, қант, шай және дәмдеуіштерге бағытталған шығыс 1,9%-ды құрады.