2013 жылғы мамырға дейiн iскерлiк белсенділік өседі

АСТАНА. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Өнеркәсіптік кәсіпорындарының басшылары 2013 жылдың ақпанында өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың өсуін және өнеркәсіп көлемінің артуын атап өттi, бұл олардың іскерлік белсенділігінің өсуін айғақтайды.
None
None

ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда 1 пайыздық тармаққа өсіп, (+7)% құрады.

Жақын арада, яғни 2013 жылғы мамырға дейiн, кәсіпорын басшылары көпшілігінің бағалауы бойынша iскерлiк белсенділіктің өсуі күтіледі.

Биылғы ақпанда өткен аймен салыстырғанда тұтынушылық сұраныстың өсуі, сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауы бойынша олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпкерліктің сенімділік индексі 10 пайыздық тармаққа өсіп, (+18)% құрады.

Соңғы жаңалықтар