2013 жылғы тамызда экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi
АСТАНА. 9 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылғы тамызда инфляция 0,2 пайызды құрады. Баға өнеркәсіпте бір ай ішінде - 3,1 пайызға, құрылыста - 0,4 пайызға, көтерме саудада 0,1 пайызға өсті, ал ауыл шаруашылығында 0,4 пайызға төмендеді. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген пошталық және курьерлік қызметтеріне 0,2 пайызға жоғарылады, ал байланыс қызметтеріне 0,1 пайызға төмендеді.