2013 жылы 28 мыңға жуық жапондық өздеріне қол жұмсаған

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат -2013 жылы Жапонияда 27915 адам өздеріне қол жұмасаған. Бұл туралы Росбалт хабарлады.

2013 жылы 28 мыңға жуық жапондық өздеріне қол жұмсаған

Өткен жылы өзіне-өзі қол жұмсаушылар саны оның алдындағы жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға төмендеген, деп хабарлады «Майнит и симбун» жапон газетінің веб-сайты.

1998 жылдан бері 14 жыл көлемінде өзіне-өзі қол жұмсаушылар саны 30 мыңнан асқан.

Суицид мөлшерінің төмендеуі 70 жастан асқан адамдардан басқа, Жапония қоғамының барлық топ өкілдерінің арасында байқалады.