2013 жылы 30 млн. га ауыл шаруашылығы алқабында түгендеу жүргізілді - Қ.Өскенбаев

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанда ағымдағы жылы шамамен 30,6 млн. га ауыл шаруашылығы алқабында түгендеу жүргізілді, деп хабарлады өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
None
None

«Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу бойынша жұмыс жалғасты. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы бағытындағы шамамен 30,6 млн. га жер инвентаризациядан өтті», - деді Қ.Өскенбаев.

Бірінші вице-министр атап өткендей, қазіргі уақытта осы жылға жоспарланған түгендеу іс жүзінде аяқталды.

«Қазіргі уақытта облыс әкімдіктері материалдарды келісіп, нақтылау жүргізіп жатыр, одан кейін аумақтық жер инспекциялары сәйкес әкімшілік шараларды қолданатын болады», - деп толықтырды ол.

Сондай-ақ, ол ауыл шаруашылығы алқаптарын жыл сайын түгендеу үшін 400 млн.-ға жуық теңге шығындалады. Тек биылғы жылдың өзінде өңірлерде түгендеумен 53 аудан және 6 қала қамтылған, 80-нен астам ауылдық округ және 33 шаруашылық субъекті зерттелді.

Белгілі болғандай, Елбасының тапсырмасымен 2014 жылға дейін 90 млн. га аудандағы ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар