2013 жылы 926 білім беру ұйымына e-learning жүйесі енгізіледі

АСТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - 2013 жылы Қазақстанда 926 білім беру ұйымын e-learning жобасымен қамту жоспарланған, деп хабарлайды pm.kz сайты үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

«2013 жылы  926 білім беру ұйымына e-learning жүйесі енгізу жоспарланған», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Жалпы алғанда, 2015 жылдың соңына дейін  4138 білім беру ұйымдарына: 2012 жылы - 537, 2013 жылы - 926, 2014 жылы - 1317, 2015 жылы - 1311 мекемеге электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген. Осылайша, 2016 жылға дейін білім беру ұйымдарының 50%  білім беру үрдісін   e-learning жүйесімен оқитын болады. 2020 жылға дейін электронды оқыту жобасымен 90 пайызға дейінгі білім беру ұйымдарын қамту жоспарланған.

Атап өту керек, e-learning электронды білім беру жүйесіне қатысатын білім беру ұйымдарын 4-10 с/Мбит кең көлемді Интернет желісіне қосу қамтамасыз етіледі, оқытушылардың кабинеттердегі жұмыс орындары мен мұғалімдер бөлмесі жеке компьютерлік техникамен, интерактивті қондырғылармен жарақталады.

Бұдан басқа, әр мектеп пен колледжде оқушылар үшін екі: тұрақты және жылжымалы компьютерлік сынып, сондай-ақ кітапханада жұмыс орны ұйымдастырылады. Оқытушылар мен оқушылардың барлық жұмыс орындары, компьютерлер мен ноутбуктер интернетке шығатын болады.

Жоба шеңберінде оқушылардың қолдануы үшін сандық білім беру ресурстары құрылады. 2012 жылы  мектептің  6 пәні бойынша және колледждің 8 мамандығының 38 пәні бойынша  7043 электронды ресурс әзірленеді. Жаңа оқу жылында оларды 2-11 сынып оқушылары үшін химия, математика, физика, қазақ тілі сабақтарына енгізілу басталады.

Электронды оқыту жүйесі жобасы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі, сондықтан оны жүзеге асыру Қазақстанның білім беру жүйесін одан әрі жаңғыртудағы маңызды қадам болады.

Соңғы жаңалықтар