2013 жылы 93 локомотив, 1470 жолаушылар, 1784 жүк вагонын сатып алу жоспарлануда

АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылы 93 локомотив, 1470 жолаушылар, 1784 жүк вагонын сатып алу  жоспарлануда.

2013 жылы 93 локомотив, 1470 жолаушылар, 1784 жүк вагонын сатып алу  жоспарлануда

Бұл жайында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі таратқан ақпаратта айтылған.

Министрліктің хабарлауынша, жылжымалы  құрам  паркін  жаңалауда  біраз жұмыстар атқарылды. Тек  11 айдың  ішінде 102  локомотив,  95 жолаушылар  және  11 222 жүк  вагондары сатып алынды.  46 теміржол  вокзалына  күрделі  жөндеу  жұмыстары  жүргізілді.

«Жылжымалы  құрамды  жаңарту  жұмысын  жалғастыру мақсатында 2013 жылы тағы  93 локомотив, 1470 жолаушылар, 1784 жүк вагонын сатып алу  жоспарланған. Сонымен бірге, «Бейнеу - Жезқазған» және «Арқалық - Шұбаркөл» теміржол желілерінің құрылысы жалғасатын болады»,-  делінген хабарламада.