2013 жылы Алматыда заңсыз айналымнан 340 мың шөлмектен астам алкогольдік ішімдік тәркіленді

АЛМАТЫ. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының салық органдары 2013 жылы акцизделетін тауарлар базарын әкімшілендіруді жүргізу кезінде заңсыз айналымнан жалпы құны 147,2 млн. теңгені құрайтын 342 800 бөтелке алкогольдік тауар алынды,

2013 жылы Алматыда заңсыз айналымнан 340 мың шөлмектен астам алкогольдік ішімдік тәркіленді

деп хабарлады қалалық салық департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған фактілер бойынша сот шешімімен 109,3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынып, акцизделетін тауар тәркіленді.

Тексеріс нәтижесінде базарлар, сауда қоймалары мен супермаркеттерден алкогольдік өнімдер алынды. Салық төлеушілер бұл тауарларды тиісті құжатсыз, лицензиясыз, сондай-ақ күдік туғызатын есептік-бақылау маркаларымен өткізген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.