2013 жылы Астанаға құны 215 млрд. теңге тұратын газ құбыры жобасын іске асыру жоспарлануда - С. Ахметов

Бұл туралы бүгін Астанада «Нұр Отан» ХДП-ның ҚР Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген жиналысында депутаттардың сауалына жауап беру кезінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
«Астанаға газ керек екенін біз жақсы түсінеміз. Енді оны жеткізу қажет»,-деді Үкімет басшысы.
«Солтүстік құбырына қатысты яғни «Қарталы-Тобыл-Көкшетау-Астана» жобасы талқыланып, Елбасының нақты тапсырмасы берілді. Бұл жоба бойынша техникалық негіздеме бекітілді. Оның аясындағы жобаның құны 215 млрд. теңге», - деді С. Ахметов.
Оның сөзіне қарағанда, аталған газ құбырының жобасын жүзеге асырудың басталуы шамамен 2013 жылға жоспарланып отыр. «Тура мерзімін айта алмаймыз. Алайда, шамамен аталған кезеңде болуы мүмкін. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсетеді деп үміттенеміз. Бірақ та бұл жоба әлеуметтік екенін барлығы түсінуі тиіс», - деді Премьер-Министр.