2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы өткен төлемдердің сомасы 1 миллиард теңгеден артты

АСТАНА. 18 желтоқсан. ҚазАқпарат - Миллиард теңгеден аса сомадағы төлемдерді қазақстандықтар ағымдағы жылы электрондық үкімет порталы арқылы төледі, деп хабарлайды ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен.

2013 жылы электрондық үкімет порталы арқылы өткен төлемдердің сомасы 1 миллиард теңгеден артты

Бұл көрсеткіш рекордтық болып табылады: өткен жыл бойы egov.kz арқылы транзакциялардың сомасы шамамен 140 миллион теңгені, ал 2011 жылы 19,5 миллион теңгені құраған.

Бұл ретте портал пайдаланушылары көбіне айыппұлдар және өсімдерді төлеп отыр. Олардың үлесіне барлық төлемдердің 27%-ы тиесілі. Танымалдығы бойынша төлем опциясының екіншісі - көлік салығы - транзакциялардың жалпы санына 18% келеді. Үшінші орында - жылжымайтын мүлікке құқықты және онымен мәмілелерді тіркеу үшін алым - төлемнің жалпы сомасының 15%-ы. Шамамен төлемнің 10%-ы азаматтық хал-актілерін тіркеу және жеке куәлік құжатын беру үшін мемлекеттік баж салығын құрап отыр. Тағы да пайдаланушылардың 7%-ы заңды тұлғаны тіркеуге жинақты интернет арқылы төлейді. Қалған бөлігі - коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, әр түрлі мемлекеттік алымдар мен баж салықтарын төлейді.

Электрондық үкімет порталының төлем сервисін пайдалану үшін авторландырылудан басқа, тек кез келген қазақстандық банктің төлем картасы, шот-өтінімі немесе жеке шоттың болуы қажеттігін естеріңізге саламыз.

Қазіргі уақытта egov.kz арқылы мемлекеттік алымдардың 21, мемлекеттік баж салықтарының 17 түрлерін, салықтардың 4 санаттарын, жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін айыппұлдарды, сондай-ақ мобильдік байланыстар және «Қазақтелеком» АҚ қызметтерін төлеуге болады. Портал арқылы коммуналдық қызметтерге онлайн-төлемдерді Алматы, Астана және Қызылорда қалаларының тұрғындары төлей алады.