2013 жылы елімізде 36 аудандық ветеринариялық зертханалар салынады – Үкімет сағаты
АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2013 жылы елімізде 36 аудандық ветеринариялық зертханалар салынады.
Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде өтіп жатқан Үкімет сағатында Ауыл шаруашығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті.
Министрдің айтуынша, бүгінгі күні елімізде 11 облыстық, 15 аудандық ветеринариялық зертханалар салынған. Ал, 2011 жылы басталған 37 аудандық ветеринариялық зертханалардың құрылысы аяқталуда.
«2013 жылы тағы да 63 аудандық ветеринариялық зертханалар салынады. Мемлекет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында нақты қажеттілікті және халықаралық ұйымдардың ұсынымдарын ескере отырып, аудандық деңгейде салынып жатқан зертханаларды жабдықтауға арналған жабдықтар тізімі қайта қаралған. Ветеринариялық зертханалардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін аккредиттеу және ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа халықаралық эпизотиялық бюроның брюцелез бйынша референттік орталыы мәртебесін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-деді А. Мамытбеков.