2013 жылы энергетика нысандарында және газ құбырларында төтенше жағдайлардың орын алу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды - В.Божко

АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы энергетика нысандарында және газ құбырларында төтенше жағдайлардың орын алу мүмкіншілігін жоққа шығаруға болмайды.
None
None

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, бұл аталған нысандардағы құрал-жабдықтардың әбден тозығы жетуіне байланысты болып отыр.

«Сондықтан да біз келесі жылы төтенше жағдайлар орын алу мүмкіндігін жоққа шығармай, алдын ала болжауымыз керек», - деді ол.

Сонымен қатар министр елімізде және шетелде орын алған  төтенше жағдайларға жүргізілген сараптамалар салдарын жойғаннан гөрі, алдын ала ескерткен  жақсы деген сөздің дұрыс екендігін тағы бір мәрте қуаттайтындығын баса айтты.

Соңғы жаңалықтар