2013 жылы Франциядағы жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы Франциядағы жұмыссыздар саны 177,8 мың адамға көбейіп, 3,3 млн. құрап, рекордтық көрсеткішке жетті.

2013 жылы Франциядағы жұмыссыздар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Елдің еңбек министрлігінің мәліметінше, жұмыссыздықтың жылдық деңгейінің өсімі жұмыссыздардың жалпы санының 5,7% құрады.

Өткен жылдың желтоқсан айында президент Франсуа Олландтың «жағдайды тұрақтандыру» туралы уәдесіне қарамастан, жұмыссыздар саны 10,2 мың адамға көбейген болатын. Сондай-ақ министрлік жұмыссыздықтың төмендеуінің «оң динамикасы» қалыптасып жатқанын да айтты. Бұл бағытта өткен жылғы көрсеткіш 2012 жылмен салыстырғанда, 283,8 мың адамды құрап 10 пайызға артты.

Өткен жылдың соңында жұмыспен қамту орталығында 4,89 млн.адам тіркеуде тұрды. Жасы 25-тен төмен жұмыс іздеушілер саны 2,3 мыңға азайып, 25 мың адамды құраған.

Жалпы, Франциядағы жұмыссыздық мәселесі бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Екі миллионнан астам адам соңғы бір жылдың ішінде екі қолға бір күрек таппаған. Оның ішінде 591 мың адамның орталықтан жұмыс күтіп отырғанына 3 жылдан асқан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.