2013 жылы «Халық студенттері» әлеуметтік бағдарламасының аясында 11 түлек оқуын тәмамдады - Қазақстан Халық Банкі

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Халық банкінің Бас офисінде басқарма төрағасының орынбасары Станислав Кособоков пен «Халық студенттері» әлеуметтік бағдарламасының қатысушылары және қазақстандық жоғарғы оқу орындарының бітіруші студенттерінің арасында кездесу өтті, деп хабарлады «Қазақстан Халық Банкінің» АҚ баспасөз қызметінен.

2013 жылы «Халық студенттері» әлеуметтік бағдарламасының аясында 11 түлек оқуын тәмамдады - Қазақстан Халық Банкі

Осы бағдарламаны жүзеге асырудың арқасында Қазақстанның түрлі өңірлерінен қамқорлыққа алынған балалар үйлері мен мектеп интернаттарының тәрбиеленуші түлектерінің жоғарғы білім алуға мен Халық банкі ұйымдастырған К.Абеновтің атаулы шәкіртақысын иеленуге мүмкіндіктері бар.

Олардың кейбіреулері Халық банкінің ұжымына қосылды. Тек 2013 жылы «Халық студенттері» жобасының аясында он бір түлек оқуын тәмамдады. Банк басшылығымен кездесуге Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан студенттер келді.

Бітіруші студенттер алдында сөз сөйлеген Станислав Кособоков: «Халық студенттері» әлеуметтік жобамыз 2007 жылдан басталды. Өткен жылдары біз қамқорлыққа алған балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының 31 тәрбиеленушісі жоғарғы білім алып, ал 9 түлегі Қазақстан Халық банкінде қызмет етіп жүргендері бізді өте қуантып отыр», - деді.студенты

Ол сондай-ақ жобаның дамуына тоқтала келіп, биылғы жылы «Халық студенттері» бағдарламасы бойынша 14 студент оқуын жалғастырып, Халық банкінің Батыс Қазақстан облыстық филиалы қамқорлыққа алған балалар үйінің бір тәрбиеленушісі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне оқуға түскенін атап өтті.

Өз кезегінде биылғы түлектер: Александр Корженков, Константин Капаршмит, Сағира Ахметова және Әнуар Жұмабаев өздерінің жоғарғы оқу орындарындағы оқулары жайлы айтып берді. Сондай-ақ алдағы жылдардағы өздерінің жоспарлары туралы сөз қозғап, Қазақстан Халық банкінің басшылығына оқуға және алдағы уақытта Қазақстандағы көшбасшы қаржы институтында жұмыс істеуге берілген мүмкіндіктер үшін алғыстарын білдірді.

Қазақстан Халық банкі 2007 жылдан бастап «Халық студенттері» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 39 млн. теңгеден астам қаражат бөлген болатын.