2013 жылы инфляцияға үлес жоспарланған 1,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді - ТМРА

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2013 жылы инфляцияға үлес жоспарланған 1,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өтіп жатқан Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Мұрат Оспанов мәлім етті.

2013 жылы инфляцияға үлес жоспарланған 1,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді - ТМРА

Агенттік басшысының мәліметтеріне сәйкес, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерге тарифтердің барлық өзгеруі Үкімет ұсыным жасаған инфляцияның жоспарланған дәлізі ескеріле отырып, жүзеге асырылған. «2013 жылы инфляцияға үлес жоспарланған 1,2 пайыз деңгейінде қамтамасыз етілді», - деді ол. Сонымен қатар М.Оспанов агенттікке берілген тапсырмалар мен жүктелген міндеттерді сапалы орындау үшін тарифтік саясатты жетілдіру жүргізілетіндігін баса айтты.