2013 жылы кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексерістердің саны 10 есеге азайды - Бас прокурор

АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2013 жылы кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексерістердің саны 10 есеге азайды.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қою кезінде мәлім етті.

«Бизнес субъектілеріне жасалуы тиіс негізсіз жоспарлы тексерістердің 2,5 мыңнан астамы алынып тасталды. Кәсіпкерлердің құқықтарына қатысты 997 заңсыз актілер жойылды немесе өзгертілді. 13 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтары қорғалды. Түрлі жауапкершіліктерге 1220 тұлға тартылды. Соны нәтижесінде биыл жоспарға заңсыз енгізілген тексерістердің саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге дейін аз болған», - деді А.Дауылбаев.

Соңғы жаңалықтар