2013 жылы «ҚазАгроҚаржы» аясында 27 инвестициялық жоба іске қосылды
АСТАНА. 29 қазан. ҚазАқпарат - 2013 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ аясында 27 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл туралы бүгін компанияның ресми өкілі Ринат Кемешов мәлім етті.
Оның айтуынша, 2007-2013 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы инвестициялық жобаларды қаражатпен қамтамасыз етуге 80 млрд. теңге, соның ішінде Ұлттық қордан 55,7 млрд. теңге бөлінген.
«Бүгінгі таңда мақұлданған 247 инвестициялық жобаның 180-і пайдалануға берілді. 2013 жылы 27 жоба іске қосылды», - деді Р.Кемешов.
Қаржыландырған жобалардың қатарында ірі қара мал фермаларын құру, көкөніс сақтау қоймалары, ет және жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары, көкөніс жылыжайлары бар.